АҚТК логотипі AQTK

Колледж тарихы

Колледж тарихы (бұрынғы — Ақтөбе қаласының №16 кәсіптік-техникалық училищесі) өзінің бастауын 1974 жылдан алады. КСРО Министрлер Кеңесінің кәсіптік-техникалық білім беру жөніндегі Мемлекеттік комитетінің 1974 жылғы 10 шілдедегі №136 бұйрығы және облыстық кәсіптік-техникалық білім беру басқармасының 1974 жылғы 22 тамыздағы №119 бұйрығы негізінде «Ақтөбеқұрылыс» құрылыс тресі базасында №16 кәсіптік-техникалық училище ашылды.

1996 жылы №16 Кәсіптік-техникалық училище №16 кәсіптік-техникалық мектеп болып қайта құрылды. Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің 1996 жылғы 22 мамырдағы №154 «Білім беру мекемелері мен ұйымдарын қайта құру туралы» бұйрығына сәйкес.

2011 жылы №16 Кәсіптік-техникалық мектеп кәсіптік лицей болып қайта құрылып, №16 Кәсіптік лицей мәртебесін алды. Ақтөбе облысы Әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы №466 қаулысына сәйкес.

2013 жылы №16 Кәсіптік лицей «Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжі» болып қайта құрылды. Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының 2013 жылғы 15 мамырдағы №191 «Ұйымдар мен мекемелердің атауын өзгерту туралы» бұйрығына сәйкес.

2021 жылдан бастап біздің колледждегі оқу процесі тікелей халықаралық WorldSkills стандарттарына сәйкес жүреді. Оқыту 11 мамандық, 4 бағдарлама бойынша жүргізіледі, оларға келесі санаттар кіреді: «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану», «Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдету және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану», «Жиһаз өндірісі», «Тазарту құрылыстарын пайдалану», «Электрондық техника», «Графикалық дизайн және компьютерлік графика» және т.б.